Мұхамеджан Тазабек — 10 мың теңгеге мәселеңізді шешуге көмектеседі

Жаңалықтар
view 267
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Facebook парақшасында қоғам белсендісі Нұрболат Әбдіразақов діндар М.Тазабектің жұртқа ақыл үйретіп, коуч болып жүргені туралы фото-коллаж жариялады деп жазады janabastau.kz.

«Бай жігіт керек пе? Жігітіңді ұмыта алмай жүрсің бе? Туыстарыңнан зәбір көрдің бе? Жақсы жігіт жоқ па? Отырып қалдың ба? Жігітің үйленбеймін деді ме? 4 қызың бар ма? Енеңнен қорқасың ба? Тұрмысқа шықсаң ажырасамын деген фобия бар ма? “Еркем өмірің болсын көркем” деген курс алсаңдар болады. Бағасы 10 000, студенттерге 5000₸» деп жазған қоғам белсендісі Мұхамеджан Тазабектің «ақыл үйрету» парақшаларының фотосын бөлісті.

Біз де өз тарапымыздан діндар Тазабектің әлеуметтік желідегі парақшаларын ақтарып, қарап шықтық.

Инстаграм парақшасында Мұхамеджан Тазабек өзін «Медиа-менеджер; ҚР еңбек сіңірген қайраткер; Психология ғылымдары, PhD; Айтыскер ақын» деп көрсетіпті.

Осы атақ-даңқтарына қарап, Мұхамеджан Тазабектің анау-мынау емес, психология ғылымдарының PhD докторы екенін, кез келген кісіге ақыл айтуға білімі «жетеді» деп топшыладық.

Фото автордың парақшасынан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *