Найзағай ойнап, бұршақ жауады: Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын ұсынды

Жаңалықтар
view 32
news

Коллаж: Kursiv.media

Қазгидромет 21-23 сәуір аралығы үшін Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Мәскеу маңынан жылжыған циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.

Жаңбыр жауып, 23 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшеймек, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.

Күндіз ауа температурасы төмендемек. Батыс Қазақстанда 7–17 градус жылы, солтүстікте 13–20 градус жылы, орталықта 15–23 градус, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 15–20 градус жылы болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *