Нотр Дам құрылысы аяқталуға жақын

Редакция таңдауы
view 127
news

Париждің «жүрегі» – Нотр Дам де Пари шіркеуі 2024 жылы ашылады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, шіркеудің ашылу салтанаты қалада өтетін Олимпиада ойындарына орайластырылған. Норт-Дам де Пари 2019 жылы өртке оранып, салдарынан шіркеуге айтарлықтай нұқсан келді. Жалпыадамзаттық құндылықты қайта қалпына келтіруге уәде берген Франция президенті Эммануэль Макрон «Нотр-Дам – біздің тарихымыз, әдебиетіміз, жанымыздың бір бөлшегі. Ғимаратта орын алған өрттің халқымыздың қабырғасын қайыстырғанын сезіп тұрмын. Алайда, мен үміт туралы айтқым келеді. Біз бұл ғимаратты 800 жыл бұрын тұрғыздық. Ғасырлар бойына оны үлкейтіп, жөндеуден өткіздік. Бүгінгі оқиғадан кейін де, мен де сіздерге сенімді түрде айта алам,  біз бұны бәріміз бірге қайта қалпына келтіреміз», – деген болатын. Сол уақыттан бері үш кезеңнен тұратын қалпына келтіру жұмыстарының алғашқысы аяқталған. Әуелде құрылыс кезінде заманауи дизайн қолдану туралы ұсыныстар айтылған. Кейіннен сарапшылар шіркеудің сол алғашқы түрін сақтап қалуды ұйғарған. Францияның символына айналған Нотр-Дам соборы осыдан 850 жыл бұрын XIII ғасырда тұрғызылған. Бүгінде соборды әлемнің түкпір-түкпірінен жылына шамамен 13 миллионға жуық турист тамашалуға келеді. Бұл көрсеткіш атақты Эйфель мұнарасына келушілердің санынан да көп.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *