Нұрмағамбетов: Мажоритарлық модел біз үшін жаңалық емес
Жаңалықтар
98
Алдағы 5 маусымда елмізде ірі саяси өзгерістерге мұрындық болатын жалпыхалықтық референдум өтетіні баршамызға белгілі.
Маңызды таңдау қарсаңында облыстық референдумды қолдау штабының белді мүшесі заң ғылымдарының кандидаты Рашид Нұрмағамбетовтің пікірін білген едік.
Президент 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның нормаларына ұсынған түзетулер сөзсіз тарихи маңызы бар қадам. Осы өзгерістердің нәтижелері қазақстандықтардың саяси-құқықтық мүдделері қорғалатын болады. Бұл өз кезегінде әрбір еліміздің азаматы үшін маңызды мемлекеттік мәселелерді шешуде өзіндік пікірлерін нығайтып, атқарушы биліктің халықпен санасуына ықпал жасайтын қадамдар, - деді ол.
Ата заңдағы жоспарланған түзетулер өзгеріс жолдарының призмасы арқылы мемлекеттік модельдің алдағы кешенді өзгеруін көруге болады.
Онда тепе-теңдікті сақтау мен тепе-теңдіктің тиімді жүйесін құру маңызды рөл атқарады. Билік тармақтары тепе-теңдікті мемлекеттік дәрежеде Президенті қамтамасыз етеді. Ал, республикалық және өңірлік деңгейлерде биліктің өкілді органдарының рөлін нығайту, депутаттарды сайлаудың аралас мажоритарлық моделін енгізу әрбір азаматқа мемлекеттің, өңірінің, туған жерін дамытуға жеке үлесін қосуға мүмкіндік береді, - дейді жас ғалым Рашид Нұрмағамбетов.
Ата заңдағы өзгерістердің басым бағыттарының бірі Президенттік басқару жүйесінен алшақтап, Парламентке басымдық беру болып отыр.
Енді осы тұрғыда мажоритарлық модельге тоқталып кетсем. Бұл бастама біз үшін жаңалық емес деп айтуға болады. Оны біз тәжірбиде бұрын қолданып келдік. Сондықтан ел арасында артық әңгіме туғызбай қоғам болып түсіністікпен қарауымыз керек. Тарихқа зер салсақ еліміз 1990 жылдардың соңына дейін мажоритарлық жүйе бойынша сайлаулар өтіп келді. Қазір әлемнің алдыңғы қатарлы өркениетті елдерде осы сайлау тәсілі бар. Ендігі кезекте елдегі саяси партиялар барынша жетіліп, ел сеніміне толық ие болуы керек. Бізің саяси майданымызда 7-8 ғана партияның атын естиміз. Кейбірі тек сайлау кезінде ғана еске түсетіні жасырын емес, - дейді жас ғалым Рашид Нұрмағамбетов.
https://baq.kz/nurmagambetov-mazhoritarlyq-model-biz-ushin-zhanalyq-emes_279410/
Пікірлер (0)