«Олжас менен теріс айналып, қашып жүр»: Бадықованың күйеуі өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 91
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Жақында актриса Дариға Бадықованың күйеуі Дархан Мұсаев «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, әйелі екеуінің жеке қарым-қатынасы туралы сыр шертті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі мен Олжас Абайдың арасындағы мәселелерге тоқталып, олардан сезіктенгенін де жасырмады.

«Бір-ақ нәрсені кешірмеймін. 2023 жыл. «Хотя бы в кино 2» фильмі Таиландта түсірілген уақыт. Сол кезде бұл сол фильмге түсуге кетеді. Мен де жұмыс барысымен басқа мемлекетке кетемін. Сол кинодан кейін бір нәрсені сезе бастадым. Бірақ білдіртпедім. Ананы айтады, мынаны айтады. «Ойбай, Олжас деген керемет адам екен, оған көмектесейік» дейді. «Біз мына өнерде пиарходты дұрыс пайдаланайық, оны емдетейік те. Мен енді қаншама әртіспен серіктес болдым. Енді маған осы Олжаспен болсақ, танымалдыққа, армандаған ойымызға жетеміз. Сенің атыңнан киностудияға ИП ашайық, мына Олжасты емдейік» деп ерекше айтты. Сондай қызық көрінді. Жарайды дедім де өтірік дым білместің рөлін ойнап жүрдім. Бірақ барлық ақпаратты жинап жүрдім. Қай жерге дейін барады дедім.

Сосын өзі айтқан фильмді түсіретін болып шешеміз. «Таптым-ау, сені 1» фильмін. Қазақстанға келеді, жұмыс тағы да басталып кетеді. Тағы да одан әрі өріп бара жатыр. Ұнамайды маған, ана тірліктер. Жарайды, күтейінші дедім. Енді ер-азаматпыз ғой, «өзінің әйелін қызғанбаған ер-азамат азамат емес» деген, сондай намыс та бар. «Дариға дедім, бірінші рет 2023 жылы. Осы сен «Олжас, Олжас» дей бересің, сені қызғанып бара жатқаным емес, отбасымыз бар, сенің не, көңілің кетіп қалды ма дедім. «Ойбай, мен оны қайтемін?» деді. «Ааа» деп бір сендім. Тағы да жүрміз... Бір күні киноның түсірілімі басталды. Барсам, ана Олжас менен теріс айналып, қашып жүр. Бәрін біліп жүрмін. «Әй, жарайды, мұны да көрейінші» дедім, – дейді Дархан Мұсаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *