Өмір-бумеранг. Кезінде мен бір кісіге опасыздық жасадым: Баян Алагөзова кешірім сұрады
Сурет: Ашық дереккөзден
Продюсер Баян Алагөзова тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында кімдерді сатып кеткені және кімнен кешірім сұрағысы келетіні туралы айтты, деп хабарлайды janabastau.kz Alash.kz материалына сүйеніп.
Сұхбат барысында продюсер онымен жұмыс істеген қыздардың танымалдылық шыңында оны неге сатып кеткенін түсіндірді.
“Бір кездері мен де дәл солай істегенмін. Өмір – бумеранг. Мен де бір кездері: “Мен өзім жұлдызбын”, “Бұл бәрі менің арқамда болды”, “Менің арқамда, себебі мен таланттымын”, “Менің жетістігіме сіздердің ешқандай қатыстарыңыз жоқ”, – деп айтқанмын,” – деді Баян Алагөзова.
Сондай-ақ, продюсер Дина Төлепбергеннің өзін кімге опасыздық жасағаны және кімнен кешірім сұрағысы келетіні туралы сұрағына жауап берді.
“Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Ол кішкентай Орал қаласынан шыққан Баянды бір күнде бүкіл Қазақстанға танымал жұлдызға айналдырған адам. Мен “Махаббат станциясы” фильміне түсіп, бірден Қазақстандағы ең танымал қызға айналдым. Ол екінші фильмді түсіруі керек еді, ал мен: “Мен киноға енді түскім келмейді. Сіз маған енді керек емессіз,” – дедім. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Талғат Теменовтен менің сол кездегі қатігездігім үшін кешірім сұрағым келеді,” – деді Алагөзова.
Пікірлер (0)