"Оның шынайы болмысын айтатын уақыт келді": Баян Алагөзова әнші Мөлдір Әуелбекова туралы ел естімеген жайтты айтты

Жаңалықтар
view 26
news

Malim.kz коллажы

Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты қатаң жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Продюсер өз жазбасында бұрынғы шәкіртімен арадағы қарым-қатынасқа қатысты ойын ашық білдіріп, алдағы жобалар жайында да ишара жасады.

"Мен енді саған да, маған да, мен сен үшін жасағанның бәріне түкіруге жол бермеймін! "20 жыл KeshYOU" атты шуды фильмнің үшінші бөлімін күтіңіздер. Әлде оның шынайы болмысын айтуға уақыт келген шығар? Мен фильмде оның беделін көтеруге тырысып жүргенімде, ол біржақты шешіммен концертке қатысудан бас тартты", – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызды. Бұған дейін танымал әнші Мөлдір Әуелбекова KeshYOU тобының алдағы концертіне қатыспайтынын хабарлаған еді. Өнер иесі бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын айтып, концерттің "алтын құраммен" жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

"KeshYOU концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңді өзім үшін аяқтаймын. Осы 22 жыл ішінде мен өз атымды қалыптастырып, көптеген кезеңнен өттім. Сахнада да, басқа қызметтерде де жұмыс істедім, бизнеспен айналыстым. Кей кездері өнерден алыстап, кейін қайта оралдым", – деп бөлісті ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *