Оқу-ағарту министрі болып Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды

Жаңалықтар
view 155
news

Фотосурет: Kazinform


Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, - делінген хабарламада. 

Жұлдыз Сүлейменованың еңбек жолы

Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институты оқытушысы, Жастармен іс жөніндегі комитетінің төрайымы, Ақтөбе қ. (2004-2006);

«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары (2006)
Ы. Алтынсарин атындағы № 159 көпсалалы гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі, Алматы қ. (2007-2008);

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің жетекші маманы, проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы, Алматы қ. (2008-2011);

Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы, Алматы қ. (2011);

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы, Алматы қ. (2011-2012);

Нұр-Сұлтан қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары, директоры (2012-2019);

Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры (2019-2021);

VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Астана қ. (2021-2023);

VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2023 бастап).

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *