Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды
Фотосурет: primeminister.kz
Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Ғани Бейсембаевтың еңбек жолы
Алматы облысы Талғар ауданы №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары (1989-1995 жж);
Алматы облысы Іле ауданы №12 орта мектебінің директоры (1995-1997 жж);
Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының ғылыми хатшысы, кеңесшісі (1997-2000 жж);
Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған (2000-2001 жж);
«Халықаралық қосымша кәсіби білім беру орталығы» ЖШС директоры (2001-2006 жж);
Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледжінің директоры (2006-2007 жж);
«Edtech-kz» халықаралық білім беру орталығының бас директоры (2007-2020 жж);
Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры (2020 ж);
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті (2020-2022 жж);
Білім және ғылым вице-министрі (2022 жылғы наурыз-тамыз айлары);
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі (2022 ж. тамыздан бастап);
ҚР Оқу-ағарту министрі (2023 ж. 4 қаңтар).
Пікірлер (0)