Орталық Азияға тартылған инвестицияның 60 пайызы Қазақстанға тиесілі – Тоқаев
Фото: Ақорда
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мен жаңа ғана бірнеше нысанды аралап көрдім. Аймақтың даму жоспарымен таныстым. Жалпы, ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Бірақ жұмысты белсенді түрде жалғастыру керек. Биыл облысқа 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 280-нен аса елді мекенге көгілдір отын жеткізілді. Үш жылдың ішінде 13 мыңға жуық оқушыға арналған 37 мектеп салынды. Сондай-ақ 41 денсаулық сақтау нысаны ашылды. Елуден астам спорт және мәдениет орталығы бой көтерді. Басқа да көптеген игі істер жасалып жатыр. Еліміз қуатты болуы үшін ең алдымен, аймақтар қуатты болуға тиіс, - деді ол.
Президенттің сөзіне қарағанда, Орталық Азияға тартылған инвестицияның 60 пайызы Қазақстанға тиесілі.
«Орталық Азия плюс» форматына сұраныс артып келеді. Биыл аймақ елдері Еуропа Одағымен, Италиямен, Қытаймен, Ресеймен, АҚШ-пен және Жапониямен бірлескен келіссөздер жүргізді. Аймаққа тартылған инвестицияның 60 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі. Инвестициямен бірге жаңа технология, білім келеді, бірлескен ғылыми-техникалық орталықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Қазақстан тауарлары мен отандық бизнеске кез келген шекара ашық. Сондықтан барша шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық құру – заман талабы, тіпті, өмірлік қажеттілік. Осылайша, Қазақ елі жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Біз осы бағыттан таймай, әлі де көп жұмыс істеуіміз керек, - деді Тоқаев.
Пікірлер (2)
Инвестициямен бірге жаңа технология, білім келеді, бірлескен ғылыми-техникалық орталықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Осы қуантарлық жағдай жасөспірім түлектерімізді осы оқу орындарында білім алуын жергілікті әкімшілік мектеп ұжымы үгіт насихат арқылы қолға алса.. Әйтпесе бәрінің бір білетіні универ.институт болып кеттіғой
Инвестициямен бірге жаңа технология, білім келеді, бірлескен ғылыми-техникалық орталықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Осы қуантарлық жағдай жасөспірім түлектерімізді осы оқу орындарында білім алуын жергілікті әкімшілік мектеп ұжымы үгіт насихат арқылы қолға алса.. Әйтпесе бәрінің бір білетіні универ.институт болып кеттіғой