Ортақ меншік: құқықтарды нақты айқындау — даулардың алдын алу жолы

Пікір
view 29
news

Фото

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу қажеттігін атап өтуі азаматтық-құқықтық қатынастарды заман талабына сай жаңғыртуға мүмкіндік береді. Әсіресе ортақ меншік қатынастарын реттеуді жетілдіру маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Ортақ меншік азаматтардың күнделікті өмірінде жиі кездеседі. Оған ерлі-зайыптылардың мүлкі, мұрагерлік мүлік, бірнеше тұлға бірлесіп сатып алған жылжымайтын мүлік және өзге де ортақ активтер жатады. Мұндай қатынастарда меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері нақты белгіленбесе, мүлікті пайдалану, иелену және оған билік ету мәселелері бойынша келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Ортақ мүлікті пайдалану тәртібі, оны күтіп-ұстау шығындарын бөлу, үлеске билік ету және мүлікті бөлу кезінде қатысушылардың мүдделерін сақтау – тәжірибеде жиі кездесетін құқықтық мәселелер.

Жаңа Кодексті әзірлеу барысында ортақ меншік иелерінің құқықтарын жүзеге асыру тәртібін нақтылау, өзара заңды мүдделерін ескеру міндеттерін айқындау және дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін дамыту маңызды. Мұндағы мақсат – меншік иелерінің құқықтарын шектеу емес, әрбір қатысушының құқықтық жағдайын түсінікті әрі болжамды ету. Мүліктік қатынастардағы айқындық азаматтар арасындағы сенімді нығайтып, сот дауларының алдын алуға ықпал етеді. Жаңа Азаматтық кодекс азаматтық айналымның нақты қажеттіліктеріне жауап беріп, құқықтық нормаларды өмірлік жағдайлармен ұштастыруы тиіс. Ортақ меншік қатынастарын жетілдіру осы міндетті жүзеге асырудың маңызды бөлігі бола алады.

Елемесович Серимов
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Лингвистика және құқықтық терминология орталығының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *