«Орыс ұлты өкілдерін кемсіттті» деп сотталған Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты
Сурет: Ашық дереккөзден
Ресей туралы жазбалары үшін 5 жылға сотталған блогер Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты, деп хабарлайды janabastau.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы депутат Ермұрат Бапи жазды.
Елдің егемендігіне, хазақтың намысына араша түсем деп, сотты болған Марғұлан Боранбай төрт жылдан соң түрмеден шығып, ағасына амандасуға келіпті. Былтыр күзде Серікжан екеуіміз колонияға, Марғұлан марқасқаға барғанымызда шартты түрде шығуға көмектесейік деп едік. «Ешкімнен кешірім сұрайтындай кінам жоқ, соңына дейін отырамын деген-ді. Сонда қазақтың намысын шовенист-ватниктерден қорғаймын деп, нақақ жаламен абақтыға қамалған мінезді Марғұлан. «Қазақтың нағыз ұлтшыл патриоты кім?», әлдекім сұрай қалса, ойланбастан осы оғыланды атаңыздар! Ешқашан қателеспейсіз, Марғұлан сізді қателестірмейді! Кәміл сенем! Аман бол, алтын бауырым! - деп жазды Бапи.
Айта кетейік, 2022 жылы наурызда блогерлер Марғұлан Боранбай мен Данат Намазбай Facebook желісіндегі жазбалары үшін 5 жылға қамауға алынған болатын.
Сот шешіміне сәйкес, айыпталушылар 2018 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшаларында ұлтаралық алауыздықты қоздыру мақсатында жазба жариялап, орыс ұлты өкілдерін кемсіткен.
Пікірлер (0)