"Өшімді осы сөмкеден аламын": Ерке Есмахан көмекке неге 200 мың теңге бергенін түсіндірді

Жаңалықтар
view 400
news
news

Фото интернеттен

Интернет желісінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек берген шоу-бизнес жұлдыздарының тізімі тараған болатын. Онда Ерке Есмахан 200 мың теңге бөлгені көрсетілген. Осыған байланысты желі қолданушылары әншіні сынға алған еді. Алайда әншінің өз шындығы бар болып шықты. Оның жазуынша, қайырымдылыққа бас-аяғы 6 миллион теңге аударған, деп хабарлайды janabastau.kz.

"Екі-үш күн бұрын жиналған әншілердің сборының тізімінде қырғын адам тұр. Соның ішінен Ерке Есмахан 200 мың берді дегенді көріп, дәл соны жаңалық етіп, интернетке шығарыпты. "Ұят! 200 мың теңге ғана беріпті" деп шулап жатыр екен. Неге мен, үнемі мені ғана ел сөз етеді осы. Енді сіздер "Ұят!" деп отырған 200 мыңға дейін қаншама көмек кетті бізден. Бұл су тасқынының басталғанына 20 күндей болды ғой. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі бірінші туыс, танысқа көмектестік. Қаншама отбасына ақшалай аударым жасалды. Одан бөлек көптеген қорларға ақша жібердік. Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп-бөліп бергеннің өзінде үлкен сома шықты. Одан да сол бөлмей шыққан 6 миллионды бір аудару керек еді. "Дұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сома болар еді" деп ренжідім. Ал күйеуім әдеттегідей "Алла білсе болды, адамдар сөйлей береді. Жайбарақат отыра берші" дейді. Әйел адамбыз ғой, қалай жайбарақат отырамыз", – дейді өнер иесі.

Әншіні жел қолданушылары "200 мың берді" сынауына жақында 12 миллион теңгеге бренд сөмке сатып алғаны да себеп болған.

"Мына сөмке бәле болды. Біреуге бірдеңе бермесең, көмектеспей қалсаң немесе аз берсең, осы сөмкені айтып шығады. Су тасқыны біткен соң өшімді осы сөмкеден алам. Езіп-езіп, лақтырып, бауға да, тауға да осыны ұстамасам", – деп әзілдеді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *