ОСК 157 халықаралық байқаушыны аккредиттеу туралы шешім қабылдады

Жаңалықтар
view 98

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында 157 халықаралық байқаушыны аккредиттеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 16 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйымнан 165 байқаушы ресми тіркеуден өткен.

«Сыртқы істер министрлігінен 23 мемлекет пен 6 халықаралық ұйымның 157 халықаралық байқаушысы тіркеуден өткізуге ұсынылған болатын. Атап айтқанда, Әзербайжан, Армения, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Ирак, Испания, Италия, Норвегия, Ресей, Румыния, Сербия, Словакия мемлекеттерінен бір кандидатурадан, Канададан 2 кандидатура, Монғолиядан 2 кандидатура мен сол елдің Орталық сайлау комиссисяның төрағасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан, Польша және Хорватия мемлекеттерінен екі кандидатурадан, Мажарстан мен Литвадан 3 кандидатурадан, Түркиядан 3 кандидатура, Америка Құрама Штаттарынан 4 кандидатура, ТМД байқаушылар миссиясынан 77 кандидатура, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік ассамблеясынан 11 кандидатура, Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылар миссиясынан 6 кандидатура, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясының байқаушылар миссиясынан 20 кандидатура, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінен 2 кандидатура, Халықаралық Түркі академиясынан 3 кандидатура тіркеуге ұсынылды», - деді ОСК хатшысы.

Баяндалғанды ескере отырып, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы комиссия қаулысының жобасын қолдау ұсынылды. ОСК мүшелері қаулы жобасын қабылдау туралы шешім шығарды

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *