"Өз балама өлім тіледім" деген әнші Ердос Қанаевтың әйелі жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
Сурет: Ашық дереккөзден
"Жігіттер" тобының әншісі Ердос Қанаевтың әйелі Айдана Мейірбекова басынан өткен ауыр жағдай туралы айтып, жан сырын ақтарды деп хабарлайды janabastau.kz Democrat.kz-ке сілтеме жасап.
"Ана өз баласына өлім тілей ме? Ауыр сұрақ. Менің жағдайымда "иә" деп жауап берер едім. Тоғыз жыл бойы басымыздан өткен ауыр жағдайды ешкімге тілемеймін, оны кез келген адам түсіне алмайды.
Науқас ұлымның басынан өткен қиындықтар... балама өлім тілеу... мен ұлыма қайырлысын сұрадым. Алланың жазуы ғой. Аурудан қиналған ұлымның жағдайын көріп отыру, онымен бірге өмір сүру мен үшін, отбасымыз үшін ауыр болды.
"Бұлай қиналып бұл өмірді сүргенше, Алланың алдына барып, қиналмай өмір сүргені жақсырақ шығар деген ниетпен аналық жүрекпен дұға еткен болатынмын. Көп ұзамай ұлымыз сол дұғамнан кейін раббысына қайтты. Мен бұл үшін еш өкінбеймін" деген Айдана Мейірбекова мұндай сынақты ешкімнің басына бермесін деп сөзін түйіндеді.
Пікірлер (0)