Қазақстанда алғашқы жарты жылдықта 7,9 миллион м2 тұрғын үй пайдалануға берілді - өсім 6,6%

Жаңалықтар
view 78
news

Сурет: gov.kz

2025 жылдың І жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 3,3 триллион теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. Оң динамика еліміздің 20 өңірінің 19-ында тіркелген.

Басты назар тұрғын үй құрылысына салынып отыр. Биылға жоспар – 19,2 миллион м2 тұрғын үй, оның 7,9 миллионы алғашқы жарты жылдықта пайдалануға беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұндағы көрсеткіш 6,6%-ға артты.

Ең көп өсім Түркістан, Ақмола, Ұлытау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында тіркеліп отыр.

Министр атап өткендей, жалпы құрылыс саласы 2010 жылдан бері 7% шамасында өсім көрсетіп келеді. Ал соңғы екі жылда нақты көлем индексі тұрақты түрде 115%-дан жоғары болып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *