Өзбекстанда бесем дүниеге келді
Фото: Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі
6 шілдеде Өзбекстанның Әндіжан қаласында бесем дүниеге келді, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 6 шілдеде "Қайрағочтош" махалласының тұрғыны Наргиза Бекжанова көпұрықты жүктілік диагнозымен Әндіжан қаласындағы № 2 перзентханаға түскен. Кейін оған кесарь тілігі жасалған. Ота білікті акушер-гинекологтар, неонатологтар және реаниматолог мамандардың арқасында сәтті өткен.
Дүниеге бесем аман-есен келген. Сәбилердің үшеуі – қыз, екеуі – ұл бала. Көп ұзамай анасы мен нәрестелер Республикалық ана мен бала денсаулығы орталығының Әндіжан облысындағы филиалына жеткізілген.
"Қазіргі таңда сәбилер мен анасының жағдайы жақсы, олар білікті медицина қызметкерлерінің бақылауында", - делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше, өткен айда да осы орталықтың Әндіжан облыстық филиалында төртем дүниеге келген.
Пікірлер (0)