Пара берген: Таразда 73 жастағы қария тергеу изоляторында көз жұмды

Жаңалықтар
view 184
news

Сурет: dalanews

Таразда пара бергені үшін сотталып, тергеу изоляторында 73 жастағы тұтқын  қайтыс болды, деп хабарлайды janabastau.kz  Halyqstan Telegram арнасына сілтеме жасап.

73 жастағы ер адам мамыр айында пара бергені үшін істі болған. Тергеу изоляторында апелляциялық шағымның қаралуын күтіп жатқан.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тергеу изоляторында қамауда отырған ер адамның қайтыс болғанын растады. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

“Ер адам жүрек ауруымен медициналық ұйым есебінде тұрған. Бұған дейін бірнеше рет емдеу және диагностика үшін денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізілген”, – деп мәлімдеді ведомство.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *