Екі көлік соқтығысып, бір отбасы түгел қаза тапты
Сурет: Instagram/nayzakokshe
Ақмолада ірі жол апаты: үш адам қаза тауып, бес жолаушы ауруханаға түсті
Ақмола облысында ірі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, адам өлімімен аяқталды. Полиция департаментінің хабарлауынша, ВАЗ 2107 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды janabastau.kz.
Қатты соқтығыс салдарынан Hyundai Elantra көлігіндегі жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы оқиға бойынша тергеу амалдары басталды. Сараптама қорытындыларына сәйкес, процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Полиция өкілдері жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау қажеттігін тағы да ескертеді. «Жол ережесін бұзу — тек заңсыз әрекет емес, бұл адам өміріне тікелей қауіп төндіретін қылмыс», — дейді тәртіп сақшылары.
Пікірлер (0)