Париж Олимпиадасы: 2 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?

Жаңалықтар
view 886
news

ҚР Бокс федерациясы

ҚР ҰОК қазақстандық атлеттердің 2  тамызға арналған жарыс кестесін жариялады, – деп хабарлайды janabastau.kz.

12:30 Оқ ату, скит, ерлер арасында біліктілік. Эдуард Ещенко қатысады.

12:54 Ескек есу, жекелей, ерлер арасында финалдық жарыс. Владислав Яковлев қатысады.

13:00 Дзюдо, әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта 1/16 финал. Камира Берликаш пен Adiyasuren Amarsaikhan (Моңғолия) күш сынасады.

13:15 Жеңіл атлетика, биіктікке секіру, әйелдер арасындағы біліктілік. Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева өнер көрсетеді.

14:00 Жүзу, 100 метрге баттерфляй әдісі, ерлер біліктілігі. Әділбек Мусин қатысады.

16:30 Семсерлесу, топтық шпага, 1/4 финал. Қазақстан құрамасы Венгрия құрамасымен бақ сынасады.

20:22 Бокс, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финал. Нұрбек Оралбай мен Murad Allahverdiyev (Әзербайжан) жұдырықтасады.

21:00 Батутта секіру, ерлер арасында біліктілік. Данил Мұсабаев қатысады.

23:00 Бокс, алдын ала кезең, әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Карина Ибрагимова мен Ashleyann Lozada Motta (Пуэрто-Рико) жұдырықтасады.

00:20 (3 тамыз) Бокс, ерлер арасында 51 келіге дейінгі салмақта ширек финал. Сәкен Бибосинов пен Hasanboy Dusmatov (Өзбекстан) күш сынасады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *