Павлодарда 21 жастағы полицей өз-өзіне қол жұмсады

Жаңалықтар
view 327
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Павлодар облысының Ертіс ауылында 21 жастағы полицей өз-өзін өлтіруге әрекет жасаған, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Жергілікті БАҚ 2003 жылы туған кіші сержант өлгісі келетінін баяндаған хат қалдырып, «Макаров» қызметтік тапаншасымен өзінің басынан атқанын мәлімдеді.

Облыстық Полиция департаменті оқиғаны растап, полицей жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.

«Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп түсіндірді Полиция департаменті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *