Павлодарда әкімшілік ғимараттан үлкен өрт шықты

Жаңалықтар
view 53
news

Сурет: ТЖМ

Павлодарда таңертең жеке кешенге тиесілі екі қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты. Қатты желдің салдарынан жалынды өрт сөндірушілер үш сағаттан астам уақыт сөндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ. 

Төтенше жағдай таңғы алты шамасында қаладағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында тіркелген. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт әкімшілік-тұрмыстық мақсаттағы екі қабатты ғимараттан шыққан. 

«Өрт сөндірушілер келген кезде жалын көп жерді шарпып үлгерген екен. Тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына қатты түтін кедергі келтірді. Сонымен қатар, оттың жылдам таралуына күшті жел әсер етті», – деп мәлімдеді ТЖМ.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *