Павлодарда зират күзетшісін бірнеше жерден пышақтап тастаған
Жаңалықтар
31
Фото: sadaq.kz
Павлодар қаласындағы зираттардың бірінде күзетшіге шабуыл жасалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Алдын-ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандардан құралған бір топ Павлодардағы зираттардың біріне заңсыз кіріп, күзетшіге шабуыл жасаған. Олар ер адамға оннан астам пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен азамат – 1963 жылы туған ер адам.
«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)