Перизат Қайрат аппеляциялық сотқа шағым түсірді
Сурет: @pk01
Перизат Қайрат аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Ақпаратты адвокат Асланбек Давлетьяров растады. Дегенмен ол егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін ол тағылған айыппен келіспейтінін айтқан еді.
Перизат Қайрат 2024 жылы 14 қарашада су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген. Сондай-ақ ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған. Одан кейін Қазақстандағы су тасқыны кезінде халыққа, мүгедек балаларға көмек көрсету үшін қаражат жинаған. Осылайша ол 3,5 миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқырған. Осы үшін оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға, Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.
Оқи отырыңыз

Пікірлер (0)