Петропавлда көше және заманауи билерден «Q Urban» чемпионаты басталады

Жаңалықтар
view 33
news

Фотосурет egov

Петропавлда «Q Urban» би чемпионаты басталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Бүгін, 24 тамызда сағат 17:00-де Петропавлдың орталық алаңында көптен күткен «Q Urban» көше және заманауи би чемпионатының шымылдығы түрілді.

Алғашқы күні еліміздің түкпір-түкпірінен және жақын шетелдерден келген екі жүзден астам биші өз өнерін ортаға салып, финалға жолдама алу үшін бақ сынайды. Ертең ең мықтылар жиналып, финалдық сайыстар өтеді.

Фестивальдің мақсаты – би мәдениетін насихаттау, іс-шаралық туризмді дамыту және жастарды спорт пен шығармашылыққа тарту. Шараны әлемдік және қазақстандық сахнаның танымал өкілдері бағалайды. Олардың қатарында брейкингтен әлем чемпионы Диас Әубәкіров, биші Арина Ахметова, Jazz Funk хореографы Тимур Мұсабеков және Afro және Dancehall жанрының орындаушысы Лия Соу Гуд бар.

Мерекелік атмосфераны Зура Сағындықова MC және DJ Amir қалыптастырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Q Urban» 2023 және 2024 жылдары да өткен. Биылғы дода Солтүстік Қазақстан облысының жыл сайынғы чемпионаты мәртебесін алуы мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *