Петропавлдағы су астында қалған үйден ер адамның денесі табылды
Жаңалықтар
425
t.me/petropavl_polisiasy
Сәуір айында Петропавлдағы Подгора ықшамауданын су басқандығы туралы жазылған болатын. Су тартылған соң үйлердің бірінен 34 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, janabastau.kz хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растады. Мәйітті сүңгуірлер тапқан. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.
“Сәуірдің 13-і күні 34 жастағы қала тұрғынының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер денесінде жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді”, – деп мәлімдеді полиция
Пікірлер (0)