Президент: Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет

Жаңалықтар
view 129
news

Сурет: Ақорда

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйлеп жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті артық шығындардан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды  janabastau.kz.

"Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *