Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Жаңалықтар
view 28
news

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады.

Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. 

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы ТМД басшыларымен бірге Эрмитажды аралаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *