Президент заңға қол қойды: қыркүйектен бастап жалақы 50 пайызға өседі
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев у саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Qaz365.kz порталына сілтеп.
Өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында – 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер еліміздің дамуы үшін аса маңызды су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Пікірлер (0)