Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 579
news

Фото: Instagram/tamara_assar_official

Әнші Тамара Асардың күйеуі Жұмаш Бекмырза Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің үйлену тойында сөз сөйлеп, көпшіліктің назарына ілікті. Алайда айтқан тілегі жұрттың көңілінен шықпады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz порталына сілтеп.

Жұмаш Бекмырза тойда жас жұбайларды құттықтап, Адай қыздарының тәрбиесі мен салт-дәстүрге беріктігі жайлы жылы лебізін білдірді:

"Адайлық қыздар өте керемет болады. Түсініктері мол, салт-дәстүрге берік. Айтар сөзім жоқ, тағы да құттықтаймын!" – деді ол.

Алайда тілек орыс тілінде айтылғандықтан, желі қолданушылары кәсіпкерді сынның астына алды. Пікірде: 

"Қазағыма қазағым орысша тілек айтып тұр ма?"

"Орысша сандырақтады"

деген пікірлер жазылды.

Тіпті кейбіреулер: "Тамараның күйеуі қазақ емес пе, неге қазақша сөйлемейді?" деп те наразылық танытты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *