Прокуратура қызметкерінің алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды

Жаңалықтар
view 90
news

Фотосурет: istockphoto.com

Павлодарда алаяқтық жасады деген күдікпен прокурорға қатысты тергеу шаралары жүргізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы. 

Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі өңірлік ҰҚК департаментімен бірлесіп, Павлодар қаласы тұрғынының облыс прокуратурасының қызметкері жасаған алаяқтық фактісі бойынша арызына сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *