Қазақстанда коммуналдық төлемдерге жаңа ереже енгізіледі: бірыңғай түбіртек пен жаңа мерзім

Жаңалықтар
view 265
news

Фотосурет: gov.kz

2025 жылғы 20 қыркүйектен бастап қазақстандықтар коммуналдық қызметтерді төлеудің жаңа жүйесіне көшеді. Енді әрбір отбасы жарық, су, жылу мен қоқыс шығаруға жеке-жеке түбіртек алмайды. Барлық қызметтер бірыңғай түбіртекке біріктіріледі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Негізгі өзгерістер

Бірыңғай түбіртек — электр, су, жылу, қоқыс шығару және лифт қызметі бір шотта болады.

Қолжетімділік — түбіртекті электронды түрде де, қағаз түрінде де алуға мүмкіндік бар.

Ашық есеп — төлемдер алдымен Бірыңғай есеп айырысу орталығының транзиттік шотына түсіп, үш күн ішінде қызмет көрсетушілерге жіберіледі.

Жауапкершілік — енді қателік болса, қызмет көрсетушілердің өзі жауап береді.

Шағым беру тәртібі — арыз тек қол қойылып, фото немесе видео дәлелдерімен ғана қабылданады.

Төлемнің жаңа мерзімі

Бұдан былай коммуналдық қызметтерді төлеудің бірыңғай мерзімі белгіленді — есептік айдан кейінгі айдың 25-іне дейін. Бұрын әр өңірде әртүрлі мерзім қойылып, тұрғындар арасында түсінбеушілік туындайтын.

Кімдер бақылайды?

Акиматтар арнайы конкурс арқылы Бірыңғай есеп айырысу орталықтарын (БЕАО) бекітеді. Сондай-ақ жергілікті билік барлық төлемдер мен есепті бақылауға құқылы.

Қандай қызметтер кіреді?

Жылумен қамтамасыз ету (жылыту және ыстық су) Электр, газ, су (суық су), кәріз, лифт қызметі, қоқыс шығару. 

Маңызды: КСК мен ОСИ қызметтері бұл тізімге кірмейді.

Қашан күшіне енеді?

Жаңа жүйе 2025 жылдың 20 қыркүйегінен бастап іске қосылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *