Дания Украинаға көмек ретінде қыруар ақша бөлді

Жаңалықтар
view 60
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Дания Украинаға жаңа үш жылдық жоба аясында 375 миллион еуро көлемінде қаржылай көмек көрсетуді жариялады. Бұл жоба қару­-жарақ пен әскери шығындарға емес, демократиялық институттарды дамыту, жасыл энергияға көшу және елдің тұрақтылығын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ admin ақпарат агенттігі. 

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига мен Дания Сыртқы істер министрі Ларс Люкке Расмуссен Киевте жасаған бірлескен брифингінде:

Бұл «интеграциялық жоба» Украинаға Еуропалық одаққа жақындау процесінде маңызды рөл атқарады.

Жоба үш негізгі бағытты қамтиды: халықтың бастапқы қажеттіліктерін қамтамасыз ету және қалпына келтіру, энергетикалық қауіпсіздік пен жасыл энергетикаға көшу, демократиялық институттарды күшейту.

Расмуссеннің сөзінше, бұл жоба арқылы Украина азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту, жеке секторды ынталандыру және азаматтық құқық пен мемлекеттік басқаруды реформалау мақсат етілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *