Путин Шойгуды орнынан алып тастады

Жаңалықтар
view 284
news

фото интернеттен

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуды қызметінен босатты. Ол бұл лауазымда 2012 жылдан бері отырған еді, деп хабарлайды janabastau.kz. 

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәліметінше, Шойгу РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл орында оған дейін Николай Патрушев отырған болатын. "Ол басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылды" деп жазылған РФ президентінің жарғысында. 

Владимир Путин қорғаныс министрі лауазымына 2020 жылдан бері үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Андрей Белоусовты ұсынып отыр. 

Д. Песковтың мәліметінше, Путин Қорғаныс министрлігін әскери емес адам басқарғанын қалаған. "Өйткені ведомство инновацияларға және заманауи идеяларға ашық болуы керек" деп шешкен көрінеді.  

Дегенмен, Шойгу күштік блоктың экономикасы мен ел экономикасын біте қайнастыру үшін Ресейдің Әскери-техникалық әріптестік бойынша федералдық қызметін үйлестіретін болады, деп атап өтті Песков.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *