Путин "Вагнер" ЖӘК туралы жаңа мәлімдеме жасады
Редакция таңдауы
177
Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жеке әскери компаниясына қатысты жаңа мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды janabastau.kz.
Путин қарулы көтеріліс бәрібір басылатын еді деп мәлімдеді. "Пригожин мен басқа да бүлікшілер сатқындық жасады", - деп айыптады.
"Көтерілісті ұйымдастырушылар еліне, халқына опасыздық жасады. Дұшпандарымыз қоғамымыздың екіге бөлінуін қалады", - деді Ресей Федерациясының басшысы.
Владимир Путин көтерілісшілердің жолына түскендердің барлығына алғыс айтып, Беларусь президенті Александр Лукашенкоға "Вагнер" ЖӘК-на қатысты жағдайды реттеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Ресей президенті "Вагнер" ЖӘК жауынгерлеріне Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруды және үйлеріне қайтуды немесе Беларуське баруды ұсынды.
Еске салайық, 24 маусымға қараған түні "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожин "Әділет маршын" бастап, Мәскеуге әскер қатарын жіберген болатын. Владимир Путин жалдамалылардың әрекетін "арқадан соққы" деп атаған үндеу жариялап, Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі қарулы көтеріліске қатысты қылмыстық іс қозғады.
24 маусымда түн ортасына таяп қалғанда Пригожин әскер қатарларын орналастыруға бұйрық бергенін хабарлады. Осыдан бірнеше минут бұрын Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко мен ЖӘК басшысы арасындағы "күні бойына созылған" келіссөздер сәтті болғаны туралы хабарланған еді.
Кейін Кремль Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін хабарлады. Ал билік көтеріліске қатысқан "Вагнер" жасағын қудаламайтынын айтты.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Пікірлер (0)