«Қағаз жүзінде бала көтере алмаймын»: Блогер Жансая жан сырын ақтарды

Жаңалықтар
view 104
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Танымал стендап жүргізушісі әрі блогер Жансая Мұратбекқызы «Мамский әңгіме» бағдарламасында өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Блогердің айтуынша, бір уақытта дәрігерлер оған қағаз жүзінде «бесплодие» диагнозын қойған. Бұл хабарды естіген сәттегі күйін ол ашық жеткізді.

«Маған қағаз жүзінде “бесплодие” деген диагноз қойды. Бала көтере алмайды деді. Сол кезде кімге сенейін айтшы дедім. Үйдегілерге не деп айтамыз, қашанғы қашамыз деп жүрдік», — деді ол.

Жансая Мұратбекқызы бұл сынақты жолдасы Дидармен бірге өткергенін атап өтті. Оның сөзінше, жары қандай жағдай болмасын, оны жалғыз қалдырмаған.

«Мүмкін айта саламыз осылай қойды деп дедім. Дидар айтты маған: “Баламыз жоқ болса да, мен сенімен бақыттымын, сенімен бірге өмір сүргім келеді. Сен олай ойлама. Қандай жағдай болмасын, мен сені баласыз да сүйе аламын”, — деді. “Давай, менен деп айтайық, Дидар қаралмайды, солай деп айтайық”, — деді. Сөйтіп барынша көңілімді аулады», — деп еске алды блогер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *