Қайрат Нұртастың әйелі үйге қатысты даулы мәселені шешті
Сурет: Ашық дереккөзден
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үй дауына қатысты сотта екі рет жеңілгеннен кейін мәселені медиация тәртібімен реттейтін болды, – деп жазды janabastau.kz.
Бұл туралы журналист Динара Сәтжан Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Жұлдызбен сұхбатымызды екі аптада 400 мыңдай адам көріпті. Айта кетейін, Жұлдыз 4 жыл бұрын Астанадағы коттедж қалашығын сол жерде тұрамын деген үмітпен жарнамалады. Болашақ үйінің есебінен өзінің үлкен пәтерін автотұрағымен бірге коттедж қалашығының иесіне берді. Ақырында ештеңесіз қалды. Содан кейін сотта екі рет жеңіліп қалды. Полицияға арыз жазды. Баспасөз жиынын өткізді. Бірақ іс алға жылжымаған. Өткен аптада Жұлдыз бұл мәселені жапты. Медиация арқылы Диляра мен саяжай қауымдастығына қатысты барлық жазбаларды өшіру туралы шешім қабылданды. Әрине, бұл жағынан да Жұлдызды қолдаймын», – деп жазды Динара Сәтжан.
Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде Жұлдыз Әбдікәрімова сеніміне кірген адам алдап, бірнеше құжатқа қол қойдырып, үйін тартып алғанын мәлімдеді.
Пікірлер (0)