Шахтадағы апат: үйінді астында қалған жұмысшылардың аты-жөні белгілі болды

Жаңалықтар
view 535
news

Фото: pexels.com

Ұлытау облысының ТЖД Жомарт шахтасындағы үйінділердің арғы жағында қалған жұмыскерлердің тізімін жариялады, – деп хабарлайды  janabastau.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысының ТЖД қазіргі уақытта құлаған тау жынысы үйінділерінің арғы жағында қалып қойған Жомарт шахтасы қызметкерлерінің тізімін хабарлады.

Қызметкерлердің аты-жөні:

1. Нұрұлдаев О.Ж.,

2. Жакубаев А.Б.

3. Кенжебеков О.А.

4. Ақшалов К.А.

5. Молдабеков Г.Е.

6. Жұмадуллаев Б.Н.

7. Рожков К.В.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 16:50-де Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйінді астында қалды.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді. Кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *