«Қайрат»-«Реал» матчы: 18 жастағы қақпашы батыл мәлімдеме жасады
Фотосурет: «Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» футбол улубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы мадридтік «Реалға» қарсы алдағы матчқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл – үлкен жауапкершілік. Тек клуб үшін емес, бүкіл ел үшін ойнау керек. Бізді бүкіл Қазақстан, тіпті ТМД елдері де қолдайды деуге болады. Қарсыласымыз – үлкен клуб. Бірақ соған қарамастан, біз өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Бүкіл әлемге Қазақстанда талантты футболшылар бар екенін дәлелдегіміз келеді, – деді Шерхан Қалмырза Qsport телеарнасының эфирінде.
Еске сала кетсек, қазір бұл 18 жастағы спортшы Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбековтің жарақат алып, қатардан шығып қалуына байланысты, «Қайраттың» негізгі қақпашысы болып тұр.
Пікірлер (0)