Рүстем Жүгінісов діни алауыздық тудыратын сөздері үшін сотқа тартылды

Жаңалықтар
view 142
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әнші Рүстем Жүгінісовке 79 мың теңгедей айыппұл салды, деп хабарлайды JANABASTAU/KZ ақпарат агенттігі.

Сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған. Оның біріншісі – 2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та «Жаңа жылды тойлау керек пе?» деген сұрақ қойып, «пайғамбардың да, ата-бабаларымыздың да бұл мейрамды тойламағанын» айтқан. Екіншісі – Ақтөбедегі мешіт оқиғасы. Әнші әлеуметтік желіде тараған видеоны талқылап, онда ер адам «бір реттік неке» ұсынған қызды айыптап, әйелдердің мешітке тек әкесі не бауырының еріп баруымен келуін жөн көретінін жеткізген болатын.

Сараптама мұндай пікірлер қоғамда діни алауыздық тудыруы мүмкін деген баға берген.

Осыған байланысты Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовті Әкімшілік кодекстің 453-бабына сәйкес кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *