«Мбаппені тоқтата аласыздар ма?»: «Кайрат» бапкері «Реалдың» әлсіз жерін таптық деп отыр

Жаңалықтар
view 105
news

Фотосурет: dzen.ru

«Кайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мен қорғаушысы Егор Сорокин алдағы Чемпиондар лигасындағы мадридтік «Реалға» қарсы ойын алдындағы міндеттер жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, ертең жалпы кезеңдегі алғашқы өз алаңындағы ойында қазақстандық команда Еуропаның ең атақты клубымен кездеседі.

«Реалда» кемшіліктер аз. Бірақ біз талдау жасап отырып, аздаған минустарды таптық. Әр командада сондай болады. Оларды қалай пайдаланамыз, ол – басқа мәселе. Қандайын дейсіздер ме? Әзірге айтпаймын. Егер іске асса, бәріңіз көресіздер, – деді бапкер баспасөз мәслихатында.

Команданың қорғаушысы Егор Сорокин де бұл мықты қарсыласқа қарсы ойында мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Тәртіп шеберлікті жеңеді. Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдаланамыз, сонымен қатар стандарттарымыз бар, – деді футболшы.

Журналистер арасынан «Мбаппені тоқтата аласыздар ма?» деген де сұрақ қойылды.

Бұл ұжымдық жұмыс болады. Біз барымызды салып, оның алаңда өзін жайлы сезінуіне жол бермеуге тырысамыз, – деп толықтырды сөзін Егор Сорокин.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *