Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты
Жаңалықтар
257
Сурет: Ашық дереккөзден
Бұған дейін сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 6 жылға сотталған Қайрат Сатыбалды бүгін бостандыққа шықты, деп хабарлайды janabastau.kz.
Сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініші мен күшіне енген үкімін қанағаттандырған болатын.
Енді ол қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді.
Түрмеден оны шартты түрде 8 жыл мерзімге жаза алған інісі Самат Әбіш күтіп алғаны белгілі болды.
Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындап, халық пен президенттен кешірім сұраған еді.
Пікірлер (0)