«Қайрат» жанкүйері билет үшін BMW көлігін айырбастады

Жаңалықтар
view 53
news

Сурет: видеодан кадр

Алматылық «Қайрат» жанкүйері көлігін футбол матчының билеті үшін айырбастағанын айтты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше, билет құны 1 миллион теңге болған.

«Бастапқыда билет алып үлгермедім. Кейін басқалардан сатып алуға тура келді. Олар 1 миллион теңге сұрады. Мұндай ақшам болмаған соң, BMW көлігімді беріп орнына билет алдым. Өкінемін, ішім ашып тұр», – деді жанкүйер.

Бұл оқиғаға әлеуметтік желі қолданушылары түрліше пікір білдірді. Көпшілігі жанкүйердің әрекетін «қате», «топас», «обалы жоқ» деп сынаса, енді бірі «футбол түсінбейтіндер ғана осылай істейді» деген пікір қалдырған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *