Алматы облысында анасы мен сәбиі өрттен қаза тапты
Сурет: ТЖМ
Алматы облысының Іле ауданындағы Кенен Әзірбаев ауылында болған ірі өрт қайғылы жағдайға ұласты. Оқиға салдарынан әйел адам мен сәби көз жұмды, деп хабарлайды janabastau.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Министрліктің дерегінше, тілсіз жау үш тұрғын үй мен шаруашылық нысандарын шарпыған. Өрт туралы хабар кеш түскендіктен, жалын жылдам таралып кеткен. Құтқару жұмыстарына қою түтін, қамыспен қапталған қабырғалар, үйлердің тығыз орналасуы және тар көшелер қиындық туғызған.
Қираған үйдің ішінен анасы мен баласының мәйіті табылды. Сонымен қатар тағы бір тұрғын түрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілген.
Жалпы өрт 448 шаршы метр аумақты қамтыған. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар төрт газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді.
Пікірлер (0)