Қалыңдықтың жасы 9-да: Ирактағы той жұрттың жағасын ұстатты
Сурет: Ашық дереккөзден
Иракта 9 жастағы қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Иракта өткен үйлену тойы туралы ақпарат тарады. Қалыңдық 9 жаста, ал күйеу жігіт 35 жаста екені айтылады.
Балалармен некелесуге рұқсат береді.
Желі қолданушыларынык мәліметінше, 35 жастағы ер адам 9 жастағы қызға Ирак парламенті некелік келісім жасасу жасын 9-ға дейін төмендеткеннен кейін үйленген. Бұл заң 1959 жылы қабылданған және Таяу Шығыстағы ең даулы заңдардың бірі болып саналады. Заң шииттік мұсылман отбасыларының отбасылық қатынастарын реттейді және балалармен некелесуге рұқсат береді.
Бұл жағдайға Мәжіліс депутаты Ермурат Бапи қатаң сынға алды. Оның айтуынша, «педофил-арамзалар» исламның атын жамылып, өздерінің «арам пиғылдары мен жиіркенішті қиялдарын» жүзеге асырып жүр.
Пікірлер (0)