Қар жауады: алдағы аптаға ауа райы болжамы

Жаңалықтар
view 137
news

Фото: Ашық дереккөзден

Ел аумағының қармен жабылған ауданы 3%. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

Синоптиктердің болжамынша, 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, тек кей күндері жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады. Атап айтқанда, 20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында.

Ал 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *