Қарағандыда балабақшада өрт шығып, 82 бала құтқарылды
            
            Жаңалықтар
            
                 643
                643
            
        
        Фото: 112kz
Қарағанды қаласының жекеменшік балабақшалардың бірінде өрт шығып, жалпы 88 адам құтқарылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Балабақша жертөлесінде 1 шаршы метр алаңда заттар мен электр қалқанының автоматы жанған.
«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт жедел сөндірілді. ТЖМ күштері түтінді ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы тез арада эвакуациялады», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында балаларды жылыту үшін вахтовкалар жұмылдырылған. Өрттің себебі анықталып жатыр.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)