Қарағандыда полиция бекетінен қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полицей табылды (ВИДЕО)
Жаңалықтар
75
Фотосурет: видеодан скриншот
Қарағандыда полицияның тірек пунктінен жас қыздың мәйіті табылды. Сондай-ақ сол жерде болған учаскелік полицей ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл деректі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен қыздың өлімінің себебі анықталып жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық іс-әрекеттер жан-жақты тексеріліп, кінәлілер қатаң жауапқа тартылады, – деп хабарлады ПД өкілдері.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Пікірлер (0)