Қыздарға «секс-ойыншық» ретінде қарау керек - сақалды жігіттің пікірі (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 51
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Желі қолданушысы жігіттерге ақыл айтып, қыздарды ханшайымдай көрмеуге шақырды. Оның пікірінше, қыздарға ойыншыққа қарағандай қарау керек екен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бірнеше нұсқа болу керек. Қыздарға мүлде ханшайым сияқты қарамаңдар. Оларға тек «секс-объект», «секс-ойыншық» ретінде қарау керек. Ал сендер өмірлеріңнің мәні қылып жібересіңдер. Бір қыз тауып аласыңдар да артынан жүгіріп жүресіңдер. Әлем сол қыздан пайда болған сияқты төбелеріне көтереді сосын. Содан кейін ол қыз өзін ханшайым сезініп кетеді де сендерді құл сияқты көреді. Қыздардың 99%-ы сондай, соңында сені менсінбей кетеді, - деді ол.

Ал желі қолданушылары оның бұл сөзіне қарсы шығып, түрлі пікір жазды. 

«Қызыңа өзің сияқты еркек жолықсын», «Кешірім сұрап отырған видеосын күтемін», «Өзіңнің анаң, қарындасың бар ма?», «Әйеліне обал», «Сақалынан тартып тұрып, аузынан етікпен тепсе ғой» деді ашуланған желі қолданушылары.

@blog_erzhana

Ал бұған не дейсіздер? 👀

♬ оригинальный звук - blog_erzhana

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *