Қасым-Жомарт Тоқаев: Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр

Жаңалықтар
view 195
news

Фото Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды janabastau.kz.

Тоқаев құттықтауында Рамазан айы – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең екенін, Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптелетінін жазды. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылатынын, мұның бәрі ислам дінінің гуманистік идеяларынан бастау алатынын атап өтті.

Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.

Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік! Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Ниет қабыл болсын! – делінген құттықтауда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *